Танымал кәсіпкерлерден ақыл-кеңес #2 (Шабыттануға дайын болыңыз..)

108

Басшылар үшін

Егер сіз бар өміріңізді болмайтын жиналыстарға сарп етер болсаңыз, уақытыңыз бен күш-қуатыңыз текке кетеді. Сондықтан қол астыңыздағы қызметкерлерге жиі-жиі жиналыс жасап тұру нәтижесін бермейді.

Джефф Безос

Себепсіз күлу керек

Google-дың бас директоры: "омлет дайындап, шәй ішіп таңғы жаңалықтарды газеттен оқып отыру, ой қорытуға едәуір көмектеседі"- деп жетістікке жету таңғы көңіл-күйден басталатынын мәлімдеген. Осы сөзді оқығаннан кейін ұйқыдан тұра салып, себепсізден себепсіз күлемін.

Сундар Пичаи

Шешім қабылдауға асықпаңыз

Мен ешқашан шешім қабылдауға асықпаймын. Импульсивті шешім - адамның ертеңгі күніне әсер етуі әбден мүмкін. Оның орнына айналадағы болып жатқан дау-дамайды ақырын ғана бақылап отырған жөн.

Ангела Меркель

Ертеңіме сенемін

Ұйқыға жатар алдында міндетті түрде "ертеңім бүгіннен де жақсы болады" деген оймен көз ілу керек.

Персен Пол

Тарих

Біз өз өмір тарихымызды жазамыз. Сондықтан аса мұқият болған жөн.

Стив Джобс

Өміріңіз өзгерсін десеңіз..

Әрдайым "иә" деп үйрену керек. Шет елге саяхаттауға мүмкіндік туып тұрма, қалтаңда қаражат жетпесе де бару керек. Жұмысқа шақырса, (жұмысыңыз бар болса да) тартынып қалмаған жөн. Себебі "иә" сөзі - сіздің өміріңізді өзгертеді!

Эрик Шмидт

Досқа мұқият бол!

Маңайыңыздағы адамдар сізді тек жоғарыға жетелеу керек. Төменге тартатын адамдармен дос болу - болашағыңа балта шапқанмен бірдей дүние.

Билл Гейтс

Ақша деген..

Ақша деген түк емес. Егер сіз осы айда жақсы жалақыға жұмыс жасасаңыз, міндетті түрде қаражат басқа жолмен болса да қолыңызға түседі.

Бернар Арно

Ең мықты ұстаз

Сізге көңілі толмайтын адам - сіздің ең мықты ұстазыңыз болуы тиіс.

Билл Гейтс

 

Таңқалдырып үйреніңіз!

Егер сіз айналаңыздағыларды таңқалдыра алмасаңыз, өте баяу қимылдаудасыз деген сөз.

Марк Цукерберг

Арман

Өз армандарыңыз үшін қаражат құртуға қысылмаңыз.

Джордж Стефанопулос

Сізге қажет болуы мүмкін

Сіз адамдарды өкпелетуге әрдайым үлгересіз. Ертеңгі күні ол адам сізге қажет болып қалуы мүмкін. Сондықтан ашуыңыз басылғанға дейін күте тұрыңыз.

Уорен Бафет

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер