Танымал кәсіпкерлерден ақыл-кеңес (Шабыттануға дайын болыңыз..)

159

Адамдар "уақытым жоқ" деп жиі айтады. Уақыттың жоқ болуы мүмкін емес. Әрдайым уақыт бар. Тек күш-қуат жоқ. Мәселен, сіз жоспарлаған жеріңізге бара алмай қалуыңыз мүмкін. Ол уақыттың тапшылығынан емес, ішкі қалаудың жоқтығынан. Ал қалау - энергияның қайнар көзі.

Марғұлан Сейсембай

Өмірің дұрыс болсын десең, дұрыс өмір сүру салтын қалыптастыру керек.
Сондықтан адамның өмірінің сапасы, оның ішкі рухына байланысты деп айтар едім.
Егер шынында адамның рухы мықты болса, оның табысы да жақсы болады, көңіл-күйі де, денсаулығы да керемет болады.

Ахметбек Нұрсила

1. Көп кітап оқы.
2. Ешқашан мәселеден қорықпа.
3. Өзіңе талапшыл бол.
4. Сөзден іс әлдеқайда маңызды, сол үшін қате жасасаң да тірлік жаса.
5. Бірінші тірлігіңмен оныншы тірлігіңнің ретін біл.

Аятжан Ахметжан

 

Адамдармен дұрыс сөйлесе алу мен білікті мамандарды қасыма жинай алуым - менің бизнесте жетістікке жетуіме себепші.

Қайрат Құдайберген

 

Жетістікке жету үшін, кеудеңнен жанын шыққанша жұмыс жасаудың қажеті жоқ. Ақылмен күніне 1-2 әрекет етсе де жетеді.

Еділ Сапарбай

 

Ең бастысы – сенім. Біз компаниямызға сендік. Мәселе – түскен табыста емес. Біз үшін тұтынушылардың ризашылықтары ең басты табыс болды. Бұған біздің қызметкерлеріміз сенді. Бізде мүлдем табыс болмаған кездегі бір оқиғаны айтайын.  Мен мейрамханада едім. Мен тамақтанып болған кезімде, менің жаныма бір кісі келіп хат қалдырып кетті. Бұл хатта, «Сәлем, Джек! Мен Alibaba қолданамын. Мен сенің одан табыс таппайтыныңды білемін. Сондықтан счетті мен төлеймін». Осыған ұқсас жағдайлар жиі болды. Мен барда отырдым. Бір кісі келіп темекі ұсынып, қолыма хат ұстатты. Хатта «Сенің сайтыңа рахмет! Мен сенің одан ақша таппайтыныңды білемін. Бұл менің саған арнаған кішкене сыйлығым». Бұл біздің бағытымыздың дұрыс екенін жеткізді. Біз жалғастыру керек болдық. Келесі 10 жылда, біз шынымен табысты болдық.

Джек Ма

 

Маған өміршең адамдар керек!

Говард Трумэн

Мүмкіндік ешқашан өзі келмейді. Мүмкіндікті өзіңіз қалыптастырасыз.

Лу Хольц

Жеңіске жетудің ең тамаша жолы артық ауыз сөзді тоқтатып, іске көшу.

Уолт Дисней

Сіз өз мақсаттарыңыз мен армандарыңызды қағазға түсіру арқылы жүзеге асырасыз.

Марк Виктор Хансен

Сіз өзіңіздің кім екеніңізді білгіңіз келе ме?! Сұрамаңыз! Әрекет етіңіз. Әрекетіңіз сіздің кім екеніңізді көрсетеді.

Томас Джефферсон

Мен өлуден қорықпаймын. Мен әрекет етпеуден қорқамын.

Жей З

Адамдар сіздің сөзіңізді, жақсылығыңызды ұмытып қалады. Бірақ басынан кешкен сезімді ешқашан естен шығармайды.

Мая Анжела

Кешегі күніңіз "бүгіннің" уақытын алмауы керек.

Уилл Роджерс

 

Сіз жетістікке жеткен адамды көрген сайын билік пен байлықты ғана аңғарасыз. Бірақ осы үшін үлкен құрбандыққа барғанын білмейсіз.

Вайбхав Шах

 

Егер мен өзімнің әйел екенімді әрдайым еске түсіре бергенде, әлдеқашан өліп қалар едім.

Марисса Майер

 

Әрдайым біреудің мүмкін емес және жасай алмаймын деген дүниесімен жұмыс жасаңыз.

Бет Комсток

 

Ата-ана - сіздің өміріңіздегі ең маңызды адамдар. Бірақ сіз ешқашан болашақ мамандығыңызға қатысты айтқандарын тыңдамауыңыз керек.

Брайан Чески

 

 

Дайындаған Ақгүл АЙДАРБЕКҚЫЗЫ

Пікірлер