Hercai - махаббат туралы мәңгі ертегі

161

Соңғы кездері кез келген қыз біткеннің ұялаған уайымы мен кеудеде меңдеген қорқынышына дәру болып жүрген - "Hercai" телехикаясы. Арнайы adyrna.kz порталы оқырман қауымға арнап, махаббат ертегісіндегіндегі сөздерді түрік тілінен тәржімалады.

Өмір бір ғана көбелектің ғұмырындай, білтелі шамдай тым қысқа. Сондықтан аз ғана сәт үшін сүйіктіңді өкпелетуге болмайды.
***
Мен қоштаса да, тұрақтай да алмайтын бір "беймәлім" әлемдемін. Бастарту мен қарсы келмеудің, ақ пен қараның, жоғалту мен жаңа өмір бастаудың ортасындамын. Қалсам-жан дүнием отқа оранады. Кетсем-өмірімнің тас-талқаны шығады.
***
Адамға ғұмырды алаңсыз кешетіндей яки өліммен қауыштыратындай бір сөз айтуға болады. Бірақ ешқашан жаралы күйде қалдырмау керек!
***
Сен, кімге өкпелісің? саған қолың созғанда сен ұмсынбаған адамға ма? Әлде сен именгенде саған қарай ұмтылмаған адамға ма?
***
Бала деген не екенін білесің бе? Бала- ол менің жүрегім. Ата-ана балапандарын өз жүрегінде тығып ұстайды. Себебі жүрек- өтірік пен қауіптен құралмаған жалғыз ғана мекен. Сосын олар өздерінің қызғыштай қорыған балапандарын өзгенің жүрегіне тапсырады. Мен уыздай қызымды саған аппақ көйлекте аманаттадым. Ал сен тас-талқанын шығардын...
***
Сен келіп менің қызғалдақ қызымды сұрадың. Мен саған бір көзімді, бір қолымды, бір аяғымды кесіп алдым да қолына ұстаттым. Мені енді мүгедек, көрсоқыр етпе. Ол менің-бар өмірім!
***
Өмір-отпен тең. Жалындап жана алмасаң, күл боласың да қаласың.

 

Аударған: Ақгүл АЙДАРБЕКҚЫЗЫ

Пікірлер