Депутаттар салық төлеуден жалтарып жүрсе, халық қайтпек?

426
"Мәжіліс депутаты Хахазов қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары жағымсыз ақпарат қана жазатынын мәлімдеген еді. Мен журналист ретінде тағы бір жағымсыз тақырыпты қосып кетуді ұйғардым. Мәжілістің әрбір төртінші депутаты салық төлеуден жалтарып жүр"- дейді Джамиля Маричева фейсбук парақшасында.

Кіріс комитетіндегі деректер бойынша ең үлкен қарыз Владимир Божкоға тиесілі.

1 қазанда мүлік, жер, көлік, салығын төлеу мерзімі аяқталған болатын. Белгілі болғандай, Парламент Мәжілісі депутаттарының төрттен бірі салықты уақытылы төлемеген.

"Кіріс комитетінің деректері бойынша, ең көлемді қарыз Владимир Божкоға тиесілі. Оның мемлекет алдындағы берешегі - 234 948.87 теңге. Бұл тізімнен Дания Еспаева, Азат Перуашев және Бекболат Тілеуханды көруге болады. Еспаеваның қарызы 76 476 теңге болса, Перуашев - 183 456.41 теңге қарыз болса, Бекболат Тілеухан 175 663 теңгені уақытылы төлемеген.

Бұдан бөлек, Бақтықожа Ізмұхамбет, Мұхтар Ерман, Айқын Коңыров, Нұртай Сабильянов, Сауытбек Әбдірахманов және тағы басқа депутаттардың салық берешегі бары анықталды. Төмендегі тізімде Зағипа Балиева да бар.

1. Абдиров Нұрлан - 133.00 тенге;
2. Абдрахманов Сауытбек - 43 781.00;
3. Әлтаев Нұржан - 3 556.83;
4. Аманжолова Зәуреш - 19 042.83;
5. Ахметбеков Жамбыл - 24 244.34;
6. Балиева Зағипа - 3 590.46 тенге;
7. Божко Владимир - 234 948.87 тенге;
8. Ерман Мұхтар - 115 207.68 тенге;
9. Еспаева Дания - 76 476 тенге;
10. Жабағиев Қожахан - 1 603.67 тенге;
11. Жамалов Аманжан - 13 326.73;
12. Звольский Сергей - 469.16 тенге;
13. Ізмұхамбетов Бақтықожа - 147 177.27 тенге;
14. Имашева Снежанна - 7 479.04 тенге;
15. Қайназаров Уәлихан - 294.65;
16. Қаныбеков Сәкен - 3 732.00;
17. Қоныров Айқын - 109 656.39;
18. Косарев Владислав - 869.40 тенге;
19. Мыңбай Дархан - 371.00;
20. Нұрманбетова Жамиля - 3.67 тенге;
21. Перуашев Азат - 183 456.41;
22. Сабильянов Нұртай - 43 768.30;
23. Смирнова Ирина - 1277.64;
24. Сыздықов Тұрғын - 1523.15 тенге;
25. Тілеухан Бекболат - 175 663.00;
26. Үмбетов Серік - 9 147.97.

Тізім 19.10.19 ж. жаңартылды.

Ақпарат көзі ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің ашық дерекқорынан алынған.

107 депутаттың 105-і тексерілді. Қандай да бір себептермен жүйеде Әбдіқалықова Гүлшара мен Нығматулин Нұрлан көрінбейді.

Бұл депутат Хахазовқа аз ғана мысал, бұл БАҚ-тың ұстанымын айқын көрсетеді: егер сіз салықты уақтылы төлегенде БАҚ сіз туралы жазбайтын еді,-дейді.

Менің алғашқы басшым "Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме" деген мәтелді жиі айтатын. Осы тізімге қарап, дәл айтылғандығына көзім жетіп отыр", - деп журналист депутаттарды аямай сынады.

Сонымен қатар, Жәмилә Маричева дәлел ретінде салықты уақытылы төлемегендігі жөнінде суреттерін ұсынды.

"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер