Үнемі жолың болмаса не істеу қажет?

113

«Мақаланы жол болмаушылық деген не-ден» бастаудың қажеті жоқ болар. Себебі сәтсіздікпен барлық адам таныс. Жұмыстағы түсініспеушілік, үйдегі ұрыс-керіс, махаббаттағы жол болмаушылық, түзу жолда келе жатып туфлиіңнің өкшесі сынып, дүкенде кассада дәл сенің кезегіңде қасса аппараты чек шығармай, емханада сенің кезегіңде дәрігерлердің түскі үзілісі...бәрі қабаттасып жатады. Тап бір сені бір қара күш иесі аңдып жүрген тәрізді. (қазір де ол сенің артыңда қарап отыр)

Znalezione obrazy dla zapytania время

Жол болмаушылықтың бірінші себебі – уақыт.

Бәрі де уақыттың тапшылығынан. Көп ұйқтау, үнемі кешігу, өз уақытын басқара алмау – әлсіз адамның ісі. Жол болмаушылықтан арылу үшін ең алдымен өз уақытыңды өз қолыңа алу қажет. Өзіңнің ең жемісті уақытыңды ғана жұмысқа арнау қажет, өзіңе ыңғайлы жерде жұмыс істеп, ыңғайлы жерде тамақтану қажет. Таңертең ерте тұру көптеген сәтсіздіктерді болдырмайды, өйткені күнің ұзақ болған сайын, ол табысты, жемісті, көңіл толтыратындай болады.

Znalezione obrazy dla zapytania рақмет

Жол болмаушылықтың екінші себебі – рақметсіздік.

Адам қаншалықты өміріне, өзгелерге, өзіне, барына қанағат тұтып, рақмет айтса, соншалықты ол өзін бақытты сезіне алады (екен). Кез келген жерде рақмет айту қажет, тіпті өз затыңды өзіңе қайтарып берген адамға да.

Znalezione obrazy dla zapytania зависть

Жол болмаушылықтың үшінші себебі – қызғаныш.

Үнемі өзгелердің қуанышына қызғанышпен қарау сені адами тұрғыдан әлсіз етеді. Ақылды адам - өзгелердің жетістігіне қуана отырып, өзін шыңдайтын адам. Қызғаныш пен іштарлық - адам бойындағы ең ұнамсыз сезімдер. Егер де сен адамдарға ізгі ниетпен қарай бастасаң, айналаңда жақсы адамдар көбейеді. Дәл қазір сенің өміріңде де сондай адам бар ма, ойлан!

Podobny obraz

Жол болмаушылықтың төртінші себебі – психологиялық сауатсыздық.

Психология, адам психологиясы өте кең ауқымды тақырып. Алайда өз психологияңмен танысу арқылы, өзіңді жөнге салу әбден мүмкін бола алады. Бала кезіңнен санаңа енген психологшиялық бағдарламалармен жұмыс істеу қажет. Себебі қалған өміріңдегі олардың кері әсері жол болмаушылыққа, сәтсіздікке алып келеді. Бұл пунктіде өзіңмен жұмыс жаса, өз мінез-құлқыңмен, зиянды әдеттеріңмен әрекет ет.

Znalezione obrazy dla zapytania лень

Жол болмаушылықтың бесінші, соңғы себебі – жалқаулық.

Психологтар, маркетологтар, фитнес мамандары: "адам – ең жалқау жаратылыс" деген пікірді ұстанады. Айта кету керек, кез келген әрекетсіздікті жалқаулық деп атауға болады. Тіпті артық ұйқыға кеткен  минут та жалқаулықтың нышаны. Кейде адам маңызды себептермен, мәселен бір нәрсені ойлауға уақытын арнағанда ол жалқаулық деп есептелмейді. Жалқаулық - адамның ең қауіпті және зұлым жауы.

 

oinet.kz

Пікірлер