«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын...»

204

Туған жер әр адамға өзінше ыстық. Кіндік қаны тамған туған жердің мерейін үстем етіп, оны көркейту әр жанның ойында жүретін мақсаттың бірі. Егемен еліміздегі жастардың өз туған жерін көркейтуге ат салысып жатқандығын көргенде болашағымыздың жарқын екендігіне көз жеткіземіз. Осы орайда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы ауылының тумасы, жас кәсіпкер Құралов Медеттің өз туған жеріне жасаған игі істерін айтсақ, артық етпес. Қазақта «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген жақсы сөз бар. Осы сөзді бойына сіңіріп өскен жас кәсіпкер ауылының гүлденуі үшін өз үлесін қосқан. Ауылдағы қараусыз қалған саябақты ретке келтіріп, халықты жемісімен қуантар алма ағаштарының өсуіне қолайлы жағдай туғызды. «Еліміздің көркеюі үшін әр адам өз туған жерінен бастаса, бұл да бір үлкен көмек. Туған жерімнің дамуы мен үшін аса маңызды», - дейді жас кәсіпкер. Жас кәсіпкер Құралов Медеттің бұл игі ісі көптеген жастарға үлгі боларлық іс. Кәсібін игі істен бастаған жас кәсіпкерге алдағы уақытта сәттілік тілейміз! Еңбегіңіз жана берсін дегіміз келеді!

(Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының тапсырысымен "Туған жер" жобасының аясында жазылды)

Пікірлер