Johnson & Johnson балалар ұнтағы қауіпті екені анықталды

118

Johnson & Johnson балалар ұнтағы рак ауруын таратуы мүмкін деген шудан кейін өз құнын жоғалтуда, деп хабарлайды adyrna.kz ақпарат агенттігі.
Оған «Рейтер» журналистерінің балаларға арналған ұнтаққа қатысты тергеу нәтижелерін жариялауы себеп. Өйткені компания бұл өнімнің зиянды екенін біле тұра жасырып келген. Тілшілер мұны 1957-2013 жылдары сотқа берілген шағымдарды зерттеп, анықтаған. Осы уақыт аралығында компанияға қатысты 10 мыңға жуық қылмыстық іс қозғалған. Тіпті кей құжаттар аталмыш мекеме өнімі қатерлі ісік тудырады дегенге саяды. Ал Johnson&Johnson басшылығы «Рейтердің» мақаласын жалған деп мәлімдеп, айыптарды жоққа шығарып отыр.
Baby Powder ұнтағының 33 мың бөтелкесінен АҚШ азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы сынамада хризотилді асбесттің субмикрофия жоқ екенін анықтады (0,00002% аспайды).

Басылымның мәліметінше, бөтелкенің интернет дүкенінен сатып алуына қарамастан өндіруші оның түпнұсқалық емес екеніне сендіруге тырысуда. Алайда, Johnson & Johnson-мен соттасып жатқандардың күшін бұл да жояр емес.

Пікірлер