С. Сауытбай: "Екі азаматымызды алып қалып, әлемге бірлігімізді дәлелдейік!"

424

"Бәр тамшы қаным болса да өз елімде тамсын" деп пана сұрап келген Шыңжаң қазақтары Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы дәл қазіргі таңда ШҚО Зайсан қаласындағы ҰҚК Шекара қызметі өкілдерінің қолында.

Cоған орай Атамекені – Қазақстаннан не азаматтық, не босқын мәртебесін ала алмаған Швециядағы Сайрагүл Сауытбай қос азаматқа халық болып қолдау көрсетуімізді сұрады, деп хабарлайды adyrna.kz ұлттық порталы.

Жолданған бейнеүндеуде "жауыз Қытай Компартиясы қазақ болғанымызды қылмыс етуде. Сондағы екі бауырымызды қорғауымыз керек"- деп ашына айтты. 

Сайрагүл Сауытбай: "Бейбіт заманда жауыз Қытай Компартиясының геноцид саясатының құрбаны болып, елім-жерім деп басыма қиын күн туғанда пана сұрап келген қасіретті бір ана едім. Өздеріңіздің бауырларыңызға басып, қорғап-қолдауларыңызбенен еркіндікке жетіп, отбасыммен, екі баламмен қайта бас қосып отырмын. Мені осы бақытқа жеткізген сіздер. Енді міне, мен көрген сол жауыздыққа шыдамай елім бар, жерім бар деп еңіреп екі азаматымыз да келіпті. Жауыз Қытай компартиясы қазақ болғанымызды қылмыс етіп, бізді осы күйге түсіріп отыр. Сонда біресе орыстың, біресе қытайдың жауыздығына көніп, үнсіз өліп кете беруіміз керек пе еді?! Екі бауырым, қорғайды деп сеніп келіп отыр. Оның үстіне сол жақтағы бауырлардың аянышты тағдырын жеткізбек ниетте. Мен бұл істерін асқан ерлік деп бағалаймын. Арғы беттегі 3 миллион халқымыз азапталуда. Айналайын халқым, Қытай жала жабудың асқан шебері! Екі азаматымызды қорғап алып қалып, әлемге елдігімізді, ерлігімізді, бірлігімізді дәлелдейік!"- деді.

Сондай-ақ, қандасымыз Швецияда түрлі телебағламаларға қатысып, Қытайдың жауыздығын әшкерелегенін мәлімдеді.

"Мен Швецияға келгелі бір күнде тыныш жатпадым. Өлімнен қорықпаған мен, сонда қытайдан қорқуым керек пе? Мүмкін емес, жанымды Қытай емес, Құдай алады. Бауырларым, жоғалған малдың да сұрауы болады. Қытайдағы бауыр-туысыңды түгенде. Ертең өкініп қалмау үшін, бүгін әрекет ет" - деп, әңгмесін түйіндеді.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер