Туған жер алтын бесік

509

Туған жерім – алтын қазық, бесігім,
Өзіңде мен дүниенің аштым есігін.
Сен сыйлаған жарық күнмен шынығып,
Топырағыңнан нәр алып мен есейдім.
Туған жерім мысты қалам – Жезқазған
Қойнауында Қаныш бабам жер қазған.
Ыстық қой маған сайындағы әр тасың,
Өзіңе арнап ақындарын жыр жазған.
Болман менен Қожабайдай ақын өткен жеріңнен,
Шынболат та, шырылдаған жерім деп.
Ел мен жерді кие тұтқан ұлылардың мекені
Айта аламын үмітіңді ақтаймын деп сеніммен.
Бәсекеге қабілетті жаһанданған әлемде,
Қалаймын мен гүлденгенін ұлы дала елімнің.
Мыс жіберген тонналатып , күні – түні демалмай,
Еңбегі ерен Отан үшін менің туған жерімнің.
Түлектерін ұшырған үкіленген үмітпен,
Алтын ұям, мың алғыс, мақтанамын өзіңмен.
Өзің берген білімімді арманыма жалау қып,
Болашаққа қанаттанып, аттанамын сеніммен.

 

Еркеназ СЕРІКОВА

Пікірлер
Редакция таңдауы