Қажылыққа барған 35 адам жол апатынан қаза тапты

432

Қажылыққа барған 35 адам жол апатынан қаза тапты,- деп хабарлайды adyrna.kz ұлттық порталы. Автобус ішінде Азия және араб мемлекеттерінің азаматтары болғаны анықталды.  Қайғылы оқиға Мәдина әкімшілік орталығындағы әл-Акхаль елдімекенінде болған.

Reuters агентігінің хабарлауы бойынша, автобус пен жүк көлігі қақтығысып, жолаушы көлігі өртке оранған. Апат салдарынан 35 кісі ажал құшып, 4 кісі түрлі деңгейде жарақат алды. Автобус ішінде Азия және араб мемлекеттерінің азаматтары болғаны анықталды. Зардап шеккендер әл-Хамна ауруханасына жеткізілді.

 

Пікірлер