Кәсіпкердің тартуы

156

Жеке кәсіпкер Жомарт Бекбасаров өзінің туған жері Жамбыл облысы, Талас ауданы, Көшек батыр ауылының балаларын базарлығымен қуантты. Кішкентай балаларды байлық деп бағалайтын кәсіпкер ауыл саябағында бүлдіршіндерге арнап өзінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынды.
Сондай-ақ, балаларға ойыншықтар мен түрлі мектеп құралдарын үлестірді. Шараға келген Кеңес ауылдық округінің әкімі Еркебұлан Тәттібай бүлдіршіндердің қуанышы маңызды екендігін айтып, кішкентайлардың көңілін аулап, демеушілік көмегін білдірген Жомарт Бекбасаровқа ризашылығын білдірді.
Отбасының бақыты – бала. Оларға қуаныш сыйлауды міндет санаған Ж.Бекбасаровтың бұл сыйына ауыл тұрғындары да өз разылығын білдірді. Ізгі ісімен ел тілегін арқалаған азаматқа кәсібіңіз өрге жүзсін дегіміз келеді!

 

Зухра Бекмырзаева

(Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының тапсырысымен

"Туған жер" жобасының аясында жазылды)

Пікірлер