Мұндай өлке әлемде біреу ғана

156

Орын алған төрінен Сарыарқаның,
Бүгін, міне, өзіңе арнап жыр жазамын.
Мақтағанда сөз жетпес Қайрақтыға,
Кейде сені өз-өзімнен қызғанамын.
Дархан дала, кең дала, қиыры жоқ,
Болмаса да асқар шыңды биік тауың.
Табиғатың қарасам көңілім тоқ.
Жастары бар әдептен еш озбаған,
Өткеннен қалған өнегесі еш тозбаған.
Қыздар өскен биік қойған тәрбиені,
Бозбалалар үлкеннің сөзінен аттап аспаған.
Туған жерін көркейтер бар күшімен,
Мақтанамын жанашыр жандарменен
Әкімі ауылымыздың Думан аға,
Ісіне айта берсең жетпес баға.
Көшені күндізгідей жарқыратып,
Асфальттап жол салғызды судай жаңа.
Ақсақалдармен кеңесіп шаруаның жәйін білгізіп,
Ақбұлақтан су тартып, әр үйге жатыр кіргізіп,
Паркті қолға алмақшы, жастар ойын алаңын,
Келер жылғы бюджеттің есебіне енгізіп.
«Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас», -
Деп мақтауда үлкендер
Екі ауылға ортақ қып Алла үшін тұрғызған,
Жомарт Матандай ағамды

Жасы өнерлі болады, қарты - дана,
Жеті атасын жатқа білер әрбір бала.
Биші де бар, әнші де бар - бәрі жақсы,
Мұндай өлке әлемде біреу ғана.
Жеті түрлі керемет бар бұл әлемде,
Келіспегем бірақ та бұл пікірге.
Кіндік қаным тамған жер Қайрақтымды,
Жатқызамын сегізінші кереметке.
Болмаса да зәулім-зәулім ғимараттар,
Жас буын бар асыл биік арманы бар.
Жетуге сол арманға демеу берер,
Ұлағатты аяулы ұстаздар бар.
Қымбат маған туған жердің тау мен тасы,
Еш алтынның құны жетпес бар жусаны.
Өз жерімде мал баққан мың есе артық,
Болғанша басқа жердің хан, сұлтаны.
Осы жерде туылғанмын өсіп келем,
Қайрақтыны сүйемін жан тәніммен.
Қажет болса жан берем туған жерге,
Ойланбастан жер үшін отқа түсем.
Қызық болып көрінер, бәлкім, саған,
Туған жердің түтіні қымбат маған.
Қасиетті сұлу жер Меккеден соң,
Қадірлі деп Қайрақтымды мен айта алам.
Топыраққа аунап біз туған жердің,
Күш-қуат, нәр аламын оны білгін.

 Медина Көшкінбаева

Пікірлер