Қазақ елінің ханы

129

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының тарихы туралы әрі қызықты, әрі тапқыр ойлар:
Елбасы жайында аңыз.

Ертеде қазақ елінің ханының ұрпағы жоқ болып, қартайып ас тұзы кеткен хан өзінің халқына өз жарлығын айтады. Ол жарлық бойынша хан өз халқына: «...Кімде кім осы қазақ халқына көп жақсылық жасап, халыққа еңбек сіңіретін болса соны қазақ елінің батыры етіп, өзімнің орныма хан қыламын » -депті. Сол кезде хан өзінің түпкір ойының астында кімде кім өзі шын жүректен халыққа жақсылық жасап, басқалар секілді міндетсініп алдыма келмей, өзінің қарапайым туып өскен жерінде жақсылықтан жақсылық жасаса, соны өз орныма хан етемін депті. Тағы сол сияқты ол адам дана адам болуы тиіс. Сонда көбісі хан алдына: «.... мен мынадай жақсылық жасадым», «мен халқым үшін мешіт, медреселер салдым», деп келгендер көп болды. Алайда ханға Нұрсұлтан атты жас қазақ баласының ерліктері күннен күнге жетіп жүрді. Сөйтіп хан Нұрсұлтанды қашан алдыма келеді екен деп күтумен болады, бірақ Нұрсұлтанды күте -күте шыдамы таусылған хан, Нұрсұлтанға өзі барады. Хан Нұрсұлтанға мен сенің жасаған әрбір жақсылықтарың мен ерліктеріңді қарапайым шаруалардан естідім. Сол кезде Нұрсұлтан:
«Жоқ, мен өзімді даналығы асқан батыр дей алмаймын»- дегенде. Хан:
«Неліктен олай?»- деп сұрайды. Нұрсұлтан өз оқиғаларын баяндайды. «Мен күндердің бір күнінде бір қарапайым қыран құстың торға қамалып тұрғанын көрдім. Ол құсты қарапайым демесең де болады. Өйткені мен оны босатайын деп, босатқанда қыран бүркіт маған «Рахмет!» деген дауысымен үн қатты. Мен бұл дауыс жай ғана естіліп қалды ғой деп ойладым. Бірақ бәрі мен ойлағандай болмады.Ол маған келіп, өзінің қалықтап ұшып жүретін бейбітшіл, тәуелсіз құс екендігін айтып, менің кез-келген тілегімді орындайтынын айтады. Мен одан басқаларға керек алтын немесе байлық сұрамайтындығымды айтып, одан маған бақыт әкелетін бір тылсым күш сыйлауын өтіндім» дейді. «Ол маған айналадағы табиғаттың жануардың тілін түсіне беретіндей күш сыйлап, бұны тек жақсылық үшін қолдан деп, ғайып болып кетеді. Осы кезден бастап, маған жақсылық жасауға, айналамдағы табиғат, жануарлар көмектеседі» дейді.
Хан бұл оқиғаны естігеннен кейін таңырқап, ол тылысм күшін дәлелдеуін бұйырды. Нұрсұлтан оны үйінде асырап жүрген қоянымен дәлелдейді. Қалай десеңдер,Нұрсұлтан қоянмен бірін-бірі тілінін түсіне білгендіктен, жақсы достар екен. Әдетте, қоянды босатқан соң, олар тұра жүгіреді. Ал ол қоянды босатқанда қоян еш жерге қашпай, өзінің күнделікті қамалып тұратын қақпанына қайтып отырады. Хан оның сөзіне сенуге мәжбүр болып, оған риза болады. Хан өз уәдесінде тұрып, Нұрсұлтанды хан сайлайды. Содан бастап қазақ елінің ханы, Нұрсұлтан Әбәшұлы Назарбаев болған екен.

Қарақат Жанпейс 

Пікірлер