Азаматтарды әскерге күштеп әкету. Министрлік түсінік берді

947
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/foto-ortcom.kz_-960x500.jpg?token=c988a9b18c0ddafa9d371f5a69a7caf9

Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде тараған азаматтарды әскерге мәжбүрлеп көлікке отырғызып, алып кетуге қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда әскери қызметке шақыру жыл сайын заң аясында жүргізіледі. Алайда азаматтардың шақырту қағазын уақытылы алмауы және тіркелген мекенжайда тұрмауы салдарынан бірқатар қиындықтар туындауда.

"Шақыру қағазын тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, әскерге шақырылушының келуін қамтамасыз ету міндеті ішкі істер органдарына жүктеледі. Кейбір азаматтар полицияның заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсетуде. Бұл жағдайлар оларды мәжбүрлеп әскери

комиссариатқа жеткізуге алып келуде", – делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Бұған дейін Екібастұз бен Қостанайда осындай жайттар тіркелген. Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда жастарды полиция қызметкерлері көлікке күштеп отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткені көрсетілген.

Министрлік шақыру комиссиясының шешімі тек медициналық тексеруден кейін қабылданатынын атап өтті.

"Әскерге жарамсыз деп танылған азаматтар үйлеріне қайтарылады. Ал жарамды болса, олар қосымша тексерулерден өтіп, заңда көзделген тәртіппен әскери қызметке жіберіледі", – деп мәлімдеді ведомство.

Комментарии