Астанада автобус жол апатына ұшырап, 10 адам зардап шекті

922
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/346949637279517-960x500.jpeg?token=b3374e23c7ab69229f8dff1e83c980c5

Астанада Республика даңғылы бойында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, деп хабарлайды “Адырна”.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 2 маусым күні салонында жолаушылары бар автобус жүргізушісі маневр жасау кезінде рөлге ие бола алмай, ақпараттық тақта ілінген бағанға соғылған.

"Жол апаты салдарынан зардап шеккендер бар. Жедел медициналық жәрдем бригадасы зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуде. Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жан-жақты тексеру жүргізілуде, барлық жағдайлар анықталатын болады",

- деді полиция департаменті.

Сондай-ақ, салалық басқарма хабарлағандай, алдын ала мәліметтер бойынша, 10 адам түрлі қалалық стационарларға жеткізілген.

"Алынған жарақаттарына сәйкес, зардап шеккендердің екеуі ұлттық жедел медициналық үйлестіру орталығына жеткізілді. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Ауыр жағдайда зардап шеккендердің біріне шұғыл ота жасалуда. Жедел жәрдем бригадалары оқиға орнында жұмысын жалғастырып, көмек көрсетуде", - деді ведомстводан.

Комментарии