Ресейдегі көпір жарылыстары "теракт" деп танылды

1960
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/image-42-960x500.jpg?token=8458148c83475733fca0aaeee2d8394a

Брянск облысында орналасқан Выгоничи – Пильшино теміржол өткелінде автомобиль көпірі жарылып, жолаушылар пойызына зардабы тиген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ресей тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренконың хабарлауынша, 31 мамыр күні болған оқиға салдарынан адамдар қаза тауып, зардап шеккендер бар.

Ал 1 маусым күні таңғы сағат 03:00 шамасында Курск облысының

Железногорск ауданында теміржол көпірі жарылып, пойыз жолдан шығып, автожолға құлады. Бұл оқиғада машинист пен екі көмекшісі жарақат алды.

Аталған екі оқиға да Ресей тергеу комитеті тарапынан теракт ретінде қарастырылып, тергеу ісі ведомствоның бас тергеу басқармасына тапсырылды. Қазір оқиға орындарында шұғыл тергеу шаралары жүргізілуде.

Комментарии