2019 жылы техникалық байқаудан өту сапасын жақсарту мақсатында Министрлік «Жол қозғалысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер енгізуге бастама жасады.
Сондай – ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 22 тамыздағы №621 қаулысымен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – БАЖ «Техникалық байқау» eisto.kz). «Техникалық байқау» міндеті механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу, дамыту, ықпалдастыру және сүйемелдеу болып табылады.
Министрлік бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілермен «Техникалық байқау» БАЖ операторымен бірлесіп (БАЖ осы бағдарлама арқылы техникалық байқау нәтижелерін сайтқа беру жүзеге асырылады eisto.kz) бағдарламалық қамтамасыз етуді тексеру рәсіміне қатысты түсініктемелер берілді, сондай-ақ міндетті техникалық байқауды дамыту туралы меморандум өзектілендірілді және мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілермен және «Техникалық байқау» БАЖ операторымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
«Идентификациялық кілттер» жаңартылды (ескерту. сәйкестендіру кілті-жеке кілт-техникалық байқау орталықтарының сайтқа деректер беруге қол жеткізуі eisto.kz (сәйкестендіру кілттерін жаңарту ай сайын жүзеге асырылатын болады) деректерді беруді жүзеге асыратын жосықсыз операторларды болдырмау мақсатында бағдарламалық қамтамасыз етуді (сәйкестендіру кілттерін жаңарту ай сайын жүзеге асырылатын болады), жаңарту қорытындылары бойынша техникалық байқау нәтижелерін бұзылған бағдарламалық қамтамасыз етулерден беруді жүзеге асыратын 8 техникалық байқау орталығы анықталды.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда бесеуден бір арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету тексерілді. Осы бағдарламалық қамтамасыз етуден Қазақстан Республикасы бойынша 230 техникалық байқау орталығынан техникалық байқау нәтижелері беріледі.
Қалған бағдарламалық қамтамасыз етуді тексеру жұмыстары 2019 жылдың 14 қазанына дейін аяқталады.
Бағдарламалық қамтамасыз етудің белгіленген талаптарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда «Техникалық байқау» БАЖ операторы бағдарламалық қамтамасыз етуді одан әрі НҚА талаптарына сәйкес пысықтау үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушіден техникалық байқау нәтижелерін қабылдауды тоқтатады.
Аталған шараларды министрлік жосықсыз техникалық байқау орталықтарының, сондай-ақ өзге де тұлғалардың «бұзу», жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін және Қазақстан Республикасының заңнамасын елеместен материалдық байыту мақсатында жоғарыда көрсетілген бағдарламалық қамтамасыз етуге түзетулер енгізу мақсатында қабылдады.
ҚР ИИДМ Көлік комитетінің баспасөз қызметі