Ақтауда Балаларды қорғау күнінде тегін таратылған балмұздаққа таласқан ересектер бір-бірін таптай жаздады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Балаларды қорғау күніне орай қалада балаларды тегін балмұздақпен қуантуға шешім қабылданған. Алайда бұл ересектер арасында дүрбелең тудырып, тіпті балмұздақ тұрған сөрені сындыра жаздаған.
Әлеуметтік желіде тараған видеоларға қарап шамадан тыс көп адамның жиналғанын байқауға болады.