Алматының іргесіндегі Жаңалық ауылындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалға барып, әруақтарға дұға бағыштап қайттым.
Бұл жерде менің атам Шәкір Гайсин жатыр. Алматы облысы, Кеген ауданының прокуроры болып тұрған жерінен бір үйде тұратын Ораз Жандосов екеуін бір күнде тұтқындап алып кетіп, 1938 жылдың 7 наурыз күні 34 жасында халық жауы деп атып тастапты.
Әйелі Ғайнижамал (Әжетай дейтінбіз) Алжирге 10 жылға сотталып кетеді. Балалары детдомда өсті.
Негізі, "Бессмертный полктың" нағыз өтетін күні бүгін! Көріңде өкіргір Сталиннің зұлымдығынан аштықтан бір қырылған, қастықтан бір қырылған Қазақтардың суреттерін көтеріп көшеге шықса, Алматының Әл-Фараби даңғылы мен Абай көшесіне халық сыймай кетер еді!
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз