Қытай Қырғызстанның қарызын жермен қайтарып ала ма?

1218
Бейжің "Бішкек қарызды төлеуі тиіс" екенін алға тартуда.

Қырғызстан билігі Экспорт-импорт банкімен қарызды кешіру туралы келіссөз жұмыстарын жүргізген болатын. Бұл туралы Қырғызстанның қаржы министрі Бақтыгул Жеенбаева қыркүйек айында өткен парламент отырысында айтты.

Алайда бүгін келіп түскен ақпарат көздеріне сүйенсек, Қытай тарапы Қырғызстанның қарызын кешіруден үзілді-кесілді бастартқан. Оған себеп ретінде "Бішкектің әл-ауқаты, экономикалық деңгейі қарызды төлеуге жетіп тұр", - деп жауап берген ресми Бейжің.

2019 жылдың қыркүйек айының дереккөздеріне сәйкес,  Қырғызстанның қытайға қарызы $3 млрд 785,9 млн долларға жеткен. Бұл ІЖӨ-нің 43,7%-на тең. Қарыздың ең көп бөлігі Қытайдың Экспорт-импорт банкіне тиесілі, оның деңгейі$1 млрд 703,9 млн құрайды.

Естеріңізге сала кетейік,  осы күнге дейін Қырғызстанда "қарыз кепілдігінде" қалған адамдардың мәселесі өршіп тұрған еді.

Осы себептен ұлтшылдар қарыздың қарымтасы жермен қайтарыла ма деп алаңдауда.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер