Starship кемесін ұшыру сынағы сәтсіз аяқталды. «Роскосмостың» реакциясы

1506
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_9646-960x500.jpeg?token=d67fde69873671522e680b4db87f731f

Илон Масктың SpaceX компаниясы Starship ғарыш кемесін тоғызыншы мәрте сынақтан өткізу кезінде сәтсіздікке ұшырады. Бұл жағдайға қатысты «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Баканов пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Starship-тің тоғызыншы рет ұшуы Марсқа үлкен көлемдегі жүктемелерді жеткізу сынды технологиялық тапсырманың қаншалықты күрделі екенін көрсетіп отыр.  Ғарышты игеру — әрдайым ең жоғары технологиялар мен біліктілікті қажет ететін аса күрделі миссия»,—деді ол.

Баканов екі компанияның мақсаты ортақ екенін жеткізді.

«Қазіргі таңда Ресей ядролық энергетикалық қондырғымен жабдықталған көлік жүйесін құру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл жүйе шамамен 10 тонна жүктемені Марс маңындағы орбитаға жеткізуге мүмкіндік береді. SpaceX пен Роскосмостың ортақ мақсаты бар. Ол – алыс ғарышты зерттеу»,—деді «Роскосмос» директоры.

Комментарии