Тасмағамбетовтың күйеу баласы Құлыбаевтың орнына келді

1098

Қазақстан бокс федерациясының басшысы болып Кеңес РАҚЫШЕВ тағайындалды. Бұл туралы adyrna.kz ұлттық порталы zhasalash.kz сайтындағы мәліметтерді негізге ала отырып хабарлайды.

Бұған дейін бокс федерациясының басшысы Тимур ҚҰЛЫБАЕВ болған еді. Сондай-ақ, Тимур АСҚАРҰЛЫ су спорты түрде федерациясы басшылығынан да кетті. Кеңес Рақышев 2018 жылдың желтоқсан айында ҚБФ вице-президенті сайланған болатын.

Кеңес ХАМИТҰЛЫ 1979 жылы 14 шілде күні Алматы қаласында дүниеге келген. Кәсіпкер, Fincraft Resources холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы. Форбс журналында Қазақстандағы елу ықпалды һәм дәулетті кәсіпкерлердің тізіміне кірген.

Пікірлер