Белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов қарамағындағы 100 қызметкерге Алматы қаласынан баспана сыйлады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Айтуынша, кәсіпкерге бұл идея 2024 жылы келген.
«Бұл адамдар — менімен 20 жыл бойы еңбек еткен жандар. Комиссия құрып, нағыз мұқтаж жандарды таңдадық. Олардың бастарында бір де бір пәтер жоқ», – деді ол.
Алагөзов баспанаға мұқтаж адамдардың басым бөлігі – қарапайым жұмысшылар екенін ерекше атап өтті. Олардың арасында кіші қызметкерлер, жүргізушілер, жүк тасымалына жауапты адамдар бар.