22 жыл бойы елден шыға алмаған Иран режиссері Канн кинофестивалінде жеңімпаз атанды

997
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_9518-960x500.jpeg?token=7387334a6c64e6e546d33d978f234622

Францияда өткен Канн кинофестивалі осымен 78-мәрте ұйымдастырылды. Биыл «Алтын пальма бұтағы» сыйлығын Иран кинематографшысы Жафар Панахи алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Режиссердің «Қарапайым кездейсоқтық» фильмінде қамаудан шыққан диссиденттің оқиғасы айтылады.

Панахи бұл картинаны Иранда рұқсатсыз, жасырын түрде түсірген болатын. Өйткені оған ел ішінде кино түсіруге, шетелге шығуға тыйым салынған. Режиссердің өзі 2023 жылы түрмеден босап шыққан. 22 жыл бойы елден шыға алмаған ол фестивалдің бас жүлдесін жеңіп алды.

Мәртебесі бойынша екінші марапатқа, яғни Гран-приге Йоаким Триердің «Сентименталды құндылық» таспасы ие болды.

Халықаралық кинофестиваль жыл сайын Францияның Канн қаласында өтеді. Биыл негізгі байқауға 22 фильм қатысты.

Комментарии