Колумбияда студенттер мінген автобус апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты

981
Adyrna.kz Telegram

Колумбияның Киндио департаментінде Эликоидаль көпірінде студенттер мінген автобус апатқа ұшырап, кем дегенде 11 адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, автобуста барлығы 26 адам болған. Олардың 23-і студент, ал үшеуі инженерия факультетінің оқытушысы. Жолаушылар тәжірибеден оралып келе жатқан Гумбольдт университетінің өкілдері болған.

Полицияның алдын ала болжамы бойынша, жүргізуші автобус тізгінін механикалық ақауға байланысты басқара алмай қалған. Көлік көпірдің қоршауына соғылып, бірнеше жолаушы терезе арқылы сыртқа ұшып кеткен.

Жарақат алғандар шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

Қазіргі уақытта қаза тапқан 11 адамның аты-жөні анықталған. Оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер