АҚШ соты биліктің Гарвардқа қарсы шектеу шарасын уақытша тоқтатты

1730
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/55320ad4-e072-45c9-9be6-8fa966667043-960x500.jpeg?token=f86c66de7257603d6a813009c8103101
АҚШ-тың Страсбург қаласындағы федералды соты Гарвард университетіне қатысты қабылданған шектеу шараларының күшін уақытша тоқтатты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы CNN-ге сілтеп. Бұл шешім Гарвард университетінің Дональд Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа арыздануынан кейін бірнеше сағат ішінде қабылданған. 22 мамырда АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігіне қарасты Шетелдік студенттер мен алмасу бағдарламасы (SEVP) Гарвардты жүйеден шығару туралы шешім қабылдаған. Осыған байланысты университет шетелдік студенттерді қабылдау құқығынан айырылып, қазіргі білім алып жатқан студенттерге басқа оқу орнына ауысу немесе елден шығу міндеті жүктелген. Гарвард университеті бұл шешімді заңсыз деп танып, сотқа шағым түсірді. Университеттің ресми мәлімдемесінде бұл үкімет әрекеті “Гарвардтың АҚШ Конституциясының Бірінші түзетуімен бекітілген құқықтарын пайдаланып, оқу бағдарламасы мен басқаруға үкіметтің араласу талабынан бас тартқаны үшін жасалған кек алу әрекеті” деп бағаланған. Университет президенті Алан Гарбер бұл жағдайға байланысты мәлімдеме жасап, Гарвард қауымдастығына шетелдік студенттер құқығын қорғау үшін барлық қажетті қадамдар жасалатынын жеткізді. Алайда Ақ үй Гарвард басшылығын сынға алып, “бұрынғы ұлы оқу орнын антиамерикандық, антисемиттік және террористік насихат орталығына айналдырды” деп айыптады. Сонымен қатар, шетелдік студенттерді қабылдауды “құқық емес, артықшылық” деп атады. Айта кетейік, 2024–2025 оқу жылында Гарвард университетіндегі шетелдік студенттердің үлесі 27,2%-ды құрап отыр.
Комментарии