Талақ басыма таяқ болып тиді

241

Қазақстан қоғамының рухани тұрғыдан жаңаруында дәстүрлі діндер маңызды рөл атқарады. Ислам, христиандық және иудей діндерінің жалпы адамзаттық және гуманистік құндылықтары ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен татулықты орнықтыруда маңызы ерекше. Олар қоғамымызда достықты, өзара құрмет пен түсіністікті нығайтуға қызмет етеді.

Жат ағымдағылардың басты құралы - әлеуметтік желі. Діни білімнің таяздығы адасуға себеп болады. Талақ басыма таяқ болып тиді. Жат ағымдағылар дінді жамылып, арам пиғылын іске асырып жатыр.

Алайда, бүгінде экстремизм мен терроризм идеологтары дінді пайдаланып, діни риториканың ерекше әдістерін қолдана отырып, халықтың белгілі бір топтарының ой-санасына теріс ықпал ете білді. Көп жағдайда әлеуметтік белсенділігімен ерекшеленетін, идеологиялық ықпалға тез түсетін қоғамның ерекше тобы саналатын жастар теріс пиғылды діни насихаттық қызмет үшін ыңғайлы нысанаға айналды. Жас ерекшеліктеріне қарай ізденгіш және білуге құмар болып келетін жастар қылмыс әлемінің, соның ішінде шетелдік және халықаралық субъектілердің тарапынан айлакерлікпен жасалған идеологиялық тұзаққа жиі түсетін болды.

Бұл орайда қазіргі уақытта мемлекеттің құзырлы мекемелері экстремистік ұйымдардың және олардың идеологтарының қызметін айқындап, тыйым салу бағытында ықпалды шаралар қабылдауда. Сонымен бір мезгілде ақпараттық-насихат жұмыстарын кеңінен жүргізу, әртүрлі діндер өкілдері арасында сұхбат орнату қажет. Рухани-ағарту және тәрбие жұмыстарының сапасын көтеріп, тиімділігін арттыру үшін түрлі шаралар атқарылуда. Елімізде конфессияаралық қатынастар саласындағы және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатындағы саясатын іске асыру барысында көптеген іс-шаралар барлық аумақтарда өткізіліп жатыр.

Алматы қаласы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының «Мониторинг және талдау» орталығы тарапынан қаладағы түрлі әлеуметтік топтар арасында құрамы сарапшы-дінтанушылардан, діни-конфессия өкілдерінен құралған ақпараттық-түсіндірмелік топтың (АТТ) құрамы құрылғанына біршама уақыт өтті. Бұған қоса қаладағы аудандардан жоғары және арнаулы орта оқу орындары студент жастары, мемлекеттік қызметкерлер, әлеуметтік қорғау мекемелері, медицина қызметкерлері, әкімдік құрылымдары және т.б. әскери қызметкерлер, жауынгерлер, әскери оқу орындарының курсанттары, қылмыстық-атқару жүйесіндегі жазасын өтеушілер арасында дәрістер, кездесулер өткізетін ақпараттық-насихаттық топ жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда Алматы қаласында 17 конфессиядан тұратын 180 діни бірлестік тіркелген. Олардың ішінде ҚМДБ-ның филиалдары басшылары (мешіт имамдары), Қазақстанның православ шіркеуі, Рим-католик шіркеуінің Епархиясы, лютерандық қауым, еврей қауымы, вон-буддизм бірлестігі, протестанттық бағыттағы шіркеулер, елуіншілер, пресвитериандар, ЕХБ, методистерді қамтыған діни қауымдардың басшыларымен кездесулер ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта аталған жұмыстар одан әрі жалғасуда. Жоғарыда келтірілген діни конфессиялар жөніндегі ақпараттар жинақталған religionmap.kz Алматы қаласының діни картасы сайты жұмыс жасауда. Бұл Алматы қаласындағы діни нысандардың қызметі туралы қосымша ақпаратты табуға және оқуға мүмкіндік беретін қызмет түрі болып саналады. Қаладағы діни ғимараттан тыс орындарда діни іс-шаралар өтетін үй-жайлардың (намазхана бөлмелері) қызметіне мониторинг жасалады. Конфессияаралық бейбітшілік пен келісім көпұлтты, көптілді және көпконфессиялы Қазақстан үшін күрделі мәселе. Бүгінде Қазақстан әлемге бүкіләлемдік діни-рухани форумның орталығы есебінде де таныс. Оған әлемдік және дәстүрлі діндердің басшылары анағұрлым маңызды заманауи діни мәселелерді шешу үшін жиналады. Олар: толеранттылық, өзара құрметтеу мен түсінісу, ұлтаралық келісім мен діни төзімділік. Бұл қағидалар Қазақстандағы конфессияаралық қатынастардың да негізін құрайды.

Байтенова Н., Камалова Ф.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, дінтану және мәдениеттану кафедрасы

 

Пікірлер