Діни топ жетекшілерінің көксегені қазақтың тағына отыру!

534

Сақалы бар, мұрты жоқ.
Ел түбіне сол жетер...

Мұхамеджан Тазабеков жайында шешім жалпы жалғыз ғана. Оның насихаты, миссиясы, діни-саяси ұстанымы әбден радикалданған, араптанған, қазақтың ұлттық санасы түгілі түсіне де кірмейтін қойыртпақ қана болып тұр. Қазақы қоғамдағы иммунитет мұндай деструктивті радикалданған сананы қабылдамайды, діни жымысқы манипуляцияға алданбайды. Қазақы қоғамдағы ақпаратты талғау мен таңдау, қабылдау, һәм ажырата білу бұрынғы заманға қарағанда әлдеқайда алға шыққан. Сондықтан да жүйенің деструктивті радикалданған діни сектаның тілі айыр өкілін мемлекеттік органның қызметкерлеріне лекция оқытқаны қазақы қоғамдағы ұлттық иммунитетті жеңе алмай жатыр. Сіздер ойбайламаңыздар, қорықпаңыздар, қайта қуаныңыздар. Жүйелі түрде күресіңіздер. Аянбаңыздар. Олар қайта бізден жанұшыра қорқады.Олар қазақтық болмыстан мүлдем шалғайдағы жаратылыстар. Бұлардың тірлігі билігімен, миссионерімен қоса бар болғаны жан тасалау, жан бағу ғана болып тұр. Бұлар қазақтан жеңіліс тауып тұр. Мұхамеджан жайында жалғыз ғана сөздің түйіні - оны тыңдамаңыздар. Ағайын туыс, жора жолдас, іні-қарындастардың бәріне айта жүріңіздер. Осы сіздердің бір біріңізге, қоғамға, қазаққа жанашырлықтарыңыз болсын. Ұлттық идеология осылай басталады. Жалпы, қазақтың иммунитеті мықты. Ал, Мұхамеджан Тазабеков бастаған деструктивті радикалданған діни топтың жетекшілерінің бар көксегені - ислами билік құрып, қазақтың тағына отыру, шариғат сапырып билік жүргізу. Біз бірлікте болсақ қана бұлар құйрығының шаңын қағып, өз жайына кетеді. Өз басым бұл адамды қазақ деп, бауыр деп қабылдамаймын.

 

Бекболат ҚАРЖАН

Пікірлер