Егіздердің анасы болуды қаласаңыз...

1114

Дәрігерлердің айтуынша бала туылған сайын егіздер туылуына мүмкіндіктер көп болады. Яғни, жатыр қабаттары өскен сайын ана егіздеп бала табуға қабілеті артады екен. Жасына қарай егіздер 35-39 жастағы аналардан көп туылады. Себебі дәл осы жаста әйелдің бойындағы гармондары нағыз күшіне мінетінін ғалымдар дәлелдеп шыққан. Және көктем мезгілінде ұрықтанған балалардың арасында егіздер көп туылады дейді ғалымдар.

Ғалымдар егіздеп бала табудан әлем бойынша көш бастап келе жатқан Нигериядағы йоруба халықтарының әйелдері немен тамақтанатынын зерттеген екен. Олар бұл құпияның шешімін ямс көкөнісінен тапты. Бұл көкөніс тұрғылықты халықтың негізгі асы. Ямстың химиялық құрамы әйелдің эстроген гармонымен ұқсас келеді екен. Көкөністегі көп мөлшердегі жоғары концентрациялық зат гонадотропин гармондарын өндіруге ықпал ете алады. Екеуінің бірлесуінен бірнеше жұмыртқа пайда болатын көрінеді.

Ғалымдардың мәлімдеуінше некедегі бір жұптың 80 баланы дүниеге әкеліп, оның біреуінде ғана егіздер тууына себепкер бола алады екен. Яғни, адамда егіз туудың жиілігі орташа есеппен алғанда 1 % шамасында болады, олардың 1/3 бір жұмыртқалы егіздер. Өмірге егіздерді әкелуді мақсат тұтсаңыз алдымен көп балалы ана немесе әке атануыңыз абзал.

Пікірлер