Туған жерім –  Қазақстан!

124

"Туған жер" бәйгесіне шығармашылық жұмыстарды қабылдау жалғасуда. Кезекті келіп түскен материал "Үздік поэзия" номинациясы бойынша Қайық Балқадиша Мирболатқызынан.

 

Туған елім, өскен жерім, тұғырым,

Қазақстаным – бақытымсың, бүгінім.

Ұмытылмас келешектің бастауы

Бір өзіңсің қасиетті жыр, үнім.

 

Өскен жерім, туған жерім Қазақстан,

Мақтанамын бір өзіңмен әрқашан.

Абыроймен асқақтатып атыңды

Паш етемін жер жүзіне жалғасқан.

 

Асқар тауым, өзен-көлім бәрі де,

Жүрегімнің бөлшегісің мәңгіге.

Жанынды қи десе маған ел үшін,

Қиамын ғой дәл қазір-ақ сен үшін.

 

Қаншама жан жаның қиды ел үшін,

Әлия, Мәншүк, Қайрат ағам жер үшін.

Аманат қып мына бізге қалдырған

Қадірі зор туған жердің біз үшін.

 

Қазақстаным – мәңгілік ел атанар,

Дербестігі әрқашан да сақталар.

Елбасымның осы асқақ арманы

Орындалса бақытты ғой әрбір жан.

 

 

Пікірлер