«Қазақстан – жүрегімнің бөлшегі»

86

"Туған жер" бәйгесіне шығармашылық жұмыстарды қабылдау жалғасуда. Кезекті келіп түскен материал "Үздік мақала" номинациясы бойынша Қайық Балқадиша Мирболатқызынан.

 

Туған жер әрбір жан үшін киелі де қасиетті ұғым. Менің табан тірер туған жерім, қасиетті де қадірлі мекенім – Қазақстан. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назабаев «Болашаққа бағдар, Рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегіміз әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды»,-деп туған жердің қасиетіне ерекше тоқталады. Мен Елбасымыздың бұл сөзіне толықтай қосыламын. Себебі, менің Қазақстаныма, туған жеріме деген сүйіспеншілігім шексіз. Мен үшін әлемдегі ең керемет, ең киелі жер, ол менің – туған жерім, құт мекенім – Қазақстан. Қазақстан – менің Отаным! Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Біздің Қазақстанымыздың тәуелсіздік алғанына міне осы жылы жиырма сегіз жыл толып отыр. Осы жиырма сегіз жыл ішінде біз қаншама қиындықты бастан кешірдік, бірақ берілмедік. Бұның барлығы да елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында деп білемін. Әрине, біздің қаншама аға-әпкелеріміз тәуелсіздік жолында құрбан болды. Ел үшін, жер үшін аянбай еңбек етті, келешек ұрпақ үшін қолдарынан келгенін жасады. Біз оларды мәңгі жадымызда сақтауға міндеттіміз. Себебі, бұл біздің – парызымыз! «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген киелі сөз бар. Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. Ата-бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуды армандады. Бұған ақыр соныңда қол жеткізді.Біздің шырайлы күннің астында бейбіт өмір сүріп жатқанымыз барлығы да – олардың арқасы.

Туған жердің қадірін білу, оны қастерлеу мен үшін үлкен абырой. Кең байтақ жеріміз, Отанымыз біз үшін мақтанышқа тұралық. Біздің Қазақстан –  көп ұлтты мемлекеттер қатарына кіреді. Біз 130-дан астам ұлт өкілдерімен бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы екенің мен жақсы білемін. Алайда, көпұлттылық біздің тілімізге зиян келтіреді деп, қатты қорқамын. Себебі, біздің мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі. Бірақ, жастардың көбі өз ана тілінде дұрыс сөйлей алмайды, тілдері шұбарланған, бұл мені қатты толғандырады. Осылай жалғаса берсе, біздің тілімізге үлкен қауіп төнеді. Тілімізге төнген қауіп, елімізге төнген қауіп деп санаймын. Бұл қауіптің алдын алу үшін қазіргі таңда Елбасымыз мына біз үшін арнайы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын енгізді.

Менің пікірімше бұл бағдарлама жастар үшін өте маңызды. Осы бағдарлама бойынша өзіннің ана тіліңді ғана емес,ұлттың тарихын да білуге болады. Біздің еліміздің өркендеуіне «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өз үлесін қосатыны сөзсіз. Ертеңгі күннің, біздің болашағымыздың кепілі –  қазақ тілі. Менің ойымша кез келген жанның өз тілі, өз Отаны өзіне қымбат. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың борышы. Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар.

Менің туып өскен жерім, мен үшін аса қымбат, табиғатымен әлемді тамсандырған - Көкшетау өңірі. Көкшетау – қазақ даласындағы ерекше сұлу, мейлінше көрікті мекендерінің бірі. Көкшетау – менің жүрегімнің бір бөлшегі. Көкшетаудың көз тартар әсем табиғаты мені өзіне ғашық етті. Мен бұл өлкеде  дүниеге келгеніме өте қатты қуаныштымын! Себебі, Көкшетау – менің бақыт мекенім. Әрине Қазақстанның кез келген жері көрікті жерлерімен көзге түсетін шығар. Алайда,Көкшетау мен үшін өте ыстық. Қай қалада болсамда, менің Көкшетауыма жетпейді. Бірақ мен қалаларды бөлмеймін, Нұр-Cұлтан, Алматы немесе Көкшетау болсын, олардың барлығы да Қазақстанның бір бөлшегі, таусылмас байлығы. Біздің өлкеміздің әсем де, көрікті жерлерінің бірі Елордамыз Нұрcұлтан.

Елбасымыз «Нұр-Cұлтан – Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі» демекші, өзінің сұлулығымен көзге түсетін, әрбір жанды өзіне баурап алатын жас қала. Жер бетіндегі Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан Нұрсұлтан – Еуразия мен Азияны жалғастырушы алтын көпір. Елорданың өркендеуі еліміздің өркендеуінің белгісі. Келер ұрпатың да, жастардың да болашағы бір өзіңде – Нұрсұлтан. Туған жердің әрбір тау-тасына дейін маған бағалы. Себебі, менің өмірім біз өзінмен тығыз байланысты.

Туған жеріне деген құрмет, адалдық бұның барлығы да қазігі таңда өте маңызды. Тәуелсіздік жылдарында оралған қандастарымыздың елге, туған жерге қайтып оралуы,жерге деген зор махаббаттың белгісі деп білемін. Біз Тәуелсіз Отанымыз Қазақстан деген елде бақытты өмір сүріп жатқан елміз. Әлемде Тәуелсіздікке жету үшін қиналып жүрген халық өте көп. «Тәуелсіздік» деген ұғым олардың асқақ арманы». «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» демекші, тәуелсіздіктің, туған жердің қадірін білейік ағайын.

Қазақстан қазіргі таңда дамығын мемлекеттер қатарына кіреді. Алдымызда тұрған ең үлкен мақсаттарымыздың бірі «Мәңгілік ел» атану. Мен өз елімнің бұл атаққа жүз пайыз лайық екенін ауыз толтырып айта аламын. Мәңгілік ел болу – біздің өз қолымызда. Ол үшін біз әрқашан алға ұмтылып, мақсатымызға жете білуіміз қажет. Ең алдымен мәңгілік ел атануымыз үшін ана тілімізді жетік меңгеруіміз керек, мәңгілік елдің мәңгілік тілі болуы да шарт. Алдыға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. Мәңгілік елге жету жолының тарихы – ата-бабаларымыздың асыл арманы. «Ел болам десең,бесігіңді түзе» демекші,бесігі түзу елдің ғана ғұмыры мәңгілік.

Өркениетті елдердің қатарына ену үшін сапалы білім алып, оны ел мұратына пайдалана білуіміз керек. Бұл біздің, яғни, жастардың алдына қойған мақсаты. Олай болса ана тілімізді де мәңгілік тіл ету – өз қолымызда. Қазақстан халқының мәңгілік мұратына айналған бұл ұлттық идея бір сәтке де санамыздан өшпеуі қажет. Туған жерім мен үшін әрқашан да қымбат.

Қазақстан менің жүрегімнің бір бөлшегі. Мен елім үшін, туған жерім үшін кеудемдегі жанымды беруге де дайынмын! Себебі, туған жеріміз біздің баға жетпес байлығымыз, ата-бабамыздың бізге қалдырған үлкен аманаты. Туған жерді қастерлеу барлығымыздың да азаматтық борышымыз! Отанымызға  қианат жасаауға ешкімнің де құқығы жоқ. Дана халқымыз айтпақшы «Өзге елде сұлтан болғанша,өз елінде ұлтан бол». Менінше бұл пікір өте дұрыс, сен қайда жүрсенде Отанынды ұмытпауын қажет. Сен кішкентай жұмыс істесенде, сол жұмыстың жемісі сенің Отанына тиетінің естен шығарма. Әрбір қазақ қайда жүрсе де, өз Отанының туын көкке желбіретіп, өзінің қазақ екендігін ұмытпаса, біз сөзсіз мәңгілік ел атана аламыз деген үміттемін! Мен қазіргі таңда өз туған жеріме оқу оқудан басқа, ешқандай да өз үлесімді қоса алмайтынымды білемін. Бірақ ер жеткенде елімнің өркендеуіне зор үлесімді қосамын деген сенімдемін. Еліміздің мәңгілік ел атануы үшін барлығымыз өз үлесімізді қосайық! Туған жерімізді көркету барлығы да біздің қолымызда.

 

 

 

Пікірлер