Менің құтты мекенім

104

"Туған жер" бәйгесіне шығармашылық жұмыстарды қабылдау жалғасуда. Кезекті келіп түскен материал "Үздік мақала" номинациясы бойынша Әлібек Дильназ Мирланқызынан.                       

 

   Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана ұғымда қаншама ой қаншама мағына жатыр. Туған жер адам өмірінде киелі орын алады. Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін туған жер деген әлемдегі ең ұлы нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі жер. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытқан емеспін. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... Бәрі-бәрі қазіргідей көз алдымда. Осылайша, мектеп табалдырығын алғаш аттаған күнді есіме алсам,бүгінігі білім ордасымен, сыныптас достарыммен қоштасар сәттің жақындап келе жатқанына сене алмаймын. «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігі тапта бар қалан,»-деп Абай атамыз айтпақшы, өмңрде әркім өз орнын таба білуі қажет. Сол сияқты мен де белгілі маман иесі болып, туған жерімнің дамуына үлесімді қосқым келеді. Дегнмен, «туған жерімді тастап кете барамын» деген ой келген сәтте көзіме жас келіп, сағынышымды қазірден арттырады. Туып өскен жерім туралы ойлап отырсам, үнемі мына өлең жолдары көкейімде тұрады:

Қазақстан- атамекен, құтқонған жер,

Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.

Көкорай белестері нұр тұнған кілем,

Қырлары, қызғалдағы құлпырған жер.

Немесе:

Қымбат маған елімнің бар даласы,

Балтық пене Сахалиннің арасы.

Қайда  болсам қиям оған жанымды,

Туған жерден қазсын бірақ қабірді.

Нағыз балалық шақтан бастап  адамзаттың отанына деген сезімі оянады. «Отан дегеніміз не»-деген сұрақ туындайды. Туып өскен жер ме мәдениет пе әлде Отан ол үйренген орта ма. Әрине, «орта» деген сөз көп нәрсемен байланысады. Қазақ жерінде туса да, туған бетте шетелге кетіп қалған бала, туған елін «Отаным» деп санамайды. Өйткені, туған жерінде өспегендіктен, оған деген ыстық сезім туындамайды. Адамзат өмірінде адам болып туғаннан кейін қазақ жерінің азаматы, баласы болып туылу меніңше, үлкен мәртебе. Олай болса, туған елге деген патриоттықтың алғашқы белгілері деп алар болсақ, «Менің елім Қазақстан, мен Отанымды сүйемін, мен қазақпын» деген сөздерден басталады деп ойлаймын. Біз Отанымызда өмір сүріп жатқан кезде «Отан оттан да ыстық» деген сөзді жиі пайдалансақ та, оның мән-мағынасына үңіле бермейміз. Ол үшін адам баласы жанын қиюға әрқашан дайын болуы тиіс. Біз тек өзіміз аман-есен ,жақсы өмір сүріп, жақсы тамақтанып, жақсы киініп, мінер көлігіміз бен жайлы, жатар үйіміз болса, барлығы болса деп өмір сүреміз. Алайда, Отан деген осы айтылғандардан да артық екенін әр адам байқай бермейді.

Біздің ата-бабамыздың тарихта ұланғайыр жерді қасық қандары қалғанша қорғап, қалдырып кеткенін әр жас ұрпақ үшін парыз болып саналады. Патриоттыққа көшпелі қазақтың салтын, санасын сақтау да кіреді. Бүгінгі қоғамда патриоттықты сезіне алмайсың, патриот адамдар саусақпен санарлықтай ғана, патриоттыққа келгенде жасандылыққа жол берілуде. Бұл- патриотизмнің жоғалып бара жатқанының белгілері. Ақын, жазушылардың ел туралы жазған туындылары адам баласын толғатпай қоймайды. Атақты қолбасшы  Шыңғыс хан: -«Өзімнен күш-қуат кетсе де ақыл-ойдан адастырмасын, бүтін денем жараланса да, тұтас елім бөлінбесін,» деген екен. Оның бұлай айтқанынан өзінің Отанына деген ыстық сезімі мен туған жеріне деген ықыласын көруге болады.  Сол сияқты «Мен қазақпын» деп айту үшін, «Қазақ» деп соғатын жүрек болу керек деп ойлаймын:

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген, - деп  Ж.Молдағалиев айтқандай қазақ халқы барлық ауыртпашылықтарға төзе білген батыл да, батыр, ержүрек халық. Осындай патриоттық міездерге қоғамды баулу өзекті мәселелердің бірі. «Менің Қазақстаным» деп жайбарақат айта салу қиын нәрсе. Осы сөзді айтқанда әр адамның бойын ерекше сезім билеуі, яғни патриоттық сезім билеуі тиіс.

Менің құтты мекенім – Жаңатас қаласы. Қаламның өзіндік тарихы бар. Жаңатас  1969 жылы қала болып қалыптасты. Бұрынғы аты «Көксу» болған. Қазіргі кезде жаңарған Жаңатасқа айналып бара жатыр. Түрлі-түрлі мәдени орындар, кітапханалар, мектептер, аурухаалар бой көтерген. Жаңатас – Сарысу ауданының бас қаласы. Сарысу ауданында туылған танымал адамдар да бар. Солардың бірі –Асанәлі Әшімов. Ол 1937 жылы  Сарысу ауданындағы Саудакент ауылында дүниеге келген. Асанәлі атамыз осыдан екі жыл бұрын сексен жасын атап өтті. Міне, мұның өзі Асанәлі атамыздың туған жерін сыйлайтындығын, құрметтейтінін әрі сағынғандығы білдіреді деп ойлаймын.

Туған жер сөзі естігенде, әрбір адамның жүрек түкпірінде бір сезім оянатыны айдан анық нәрсе. Ол сезім – елге, жерге, Отанға деген махаббат сезімі. Оның күні де, түні де, тау-тасы да, сарқыраған өзені мен жайқалған көк майсасы, самал желі, шырылдаған құстары бәрі де жаныңа ерекше ыстық, ерекше жақын. « Туған жердің ауасы да шипа» демекші, алыс сапарға шықсаң атамекеніңді сағынып, үйіңе қарай асығасың да тұрасың. Адамның жүрегінде ең бірінші, ақ сүтін берген туған анасына деген сезім орын алады. Ал екінші, туып өскен жеріне, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады деп ойлаймын. Себебі, туған жер - адам баласына ең жақын дүниелердің бірі. «Отаным» деген жүректен шыққан асыл сөзді мен мақтанышпен еш қысылмай айта аламын. Менің туған жерім – қасиетті, құтты қоныс. Ол мені құшағында мәпелеп өсіріп қана қойған жоқ.  Ол маған дала тәрбиесі мен тәлімін берді. Оның төсінде осы уақытқа дейін үйренгенім көп, әлі де үйренетін нәрселерім аз емес.

Туған даланың о шеті мен бұ шетіне көз жүгіртіп, айналаңа көз салсаң ақиық ақын  Мұқағали Мақатаев атамызша: «Пай! Пай! Пай! Киелі неткен  жер!»-демеске еш шараң қалмайтындай.

   Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбір адам баласы үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер,туған қала. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер,Жаңатас қаласынан басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және ең алғаш мектепке барған көшем әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын.
Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер тағы да басқа ұлт өкілдері еңбек етуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі керек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.Туған елге, Туған жерге деген ыстық сезімнің үздік үлгісі мен үшін осындай болмақ. Отан туралы ой толғасаң, жан толғанысын айтып тауыса алмассың, сірә.

Туған жерім – Қазақстан,
Тәуелсіздігі жарасқан,
Көк байрағы желбіреп
Көк аспанға ұқсасқан

Түрлі елдер достасқан,
Еңсесі биік Қазақстан!
Құтты болсын елдігің,
Тәуелсіз біздің Қазақстан

Бәкір Тәжібаев жырлаған мына бір шумақтарына да кезек берсек:

Қайда жүрсем, туған жерім,

Сен есімнен шығармысың!

Жастық дәурен құрған жерім,

Көз алдымда тұрармысың!

Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде мол. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз. Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен — ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы мақал — мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз. «Ит тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп ерекшелеп көрсетеді. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын.

Айпырай!

Туған жер — ай!

Теңдесер кім

Бұл жерге сен болмасаң келмес едім.

Кіндігімді байлаған қазығым – ай

Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім, — деп ақынымыз М. Мақатаев жырлағандай, оқушылар өздерінің кіндік кескен, туып — өскен мекенін қастерлей, оның тыныс — тіршілігін, тарихын, мәдениетін, экономикалық хал – ахуалын, зиялы қауымын, еңбек ерлерін, асқар дарын, абзал аналарын мақтан ете отырып, туған жердің болашағын бәрінен артық көруге хақылымыз. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата - бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап, отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Меніңше, әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиіс.

.

«Отансыз адам, ормансыз бұлбұл», -деп дана халқымыз бекер айтпаған. Себебі, адам баласы туған жерсіз, Отансыз ғұмыр кешпейді.Әр адамның тұрақты үйі, мекені болу қажет.Сонда ғана адам бақытты  өмір сүреді. Кіп-кішкентай бұлбұлдың өзі туған жерін іздейді, қайғырады. «Әркімнің өз жері - жұмақ», - дегені рас. Осы жөнінде  «өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» - деген мақалды  дана  халқымыз жайдан жай айтпаған болар. Сондықтан да өз туған жерімізді, Отанымызды қастерлеп және бағалауымыз қажет!

Мен өзімнің туып өскен жерімді өмір бойы қастерлеп өтемін. Өйткені, дәл осы жерде менің балалық шағымның естеліктері дәл осы күнге дейін сақталуда. Мен киелі жерде болашағым жарқын боларына сенемін.

 

 

 

Пікірлер