Олжас Отар: Жұмысшымен болмаса жұмысымыз, Адамдыққа жата ма бұл ісіміз?

1097
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_1351-960x500.jpeg?token=e2484f8e09067b67833627cea926d29a
Мəселенің шешер деп бəрін білек, Адаспасын кей жастар жалын жүрек. Жұмсалмаған жұрт үшін қара күштен, Елге қылған аз еңбек қадірлірек. Жұмысшының қолы артық жұдырықтан, Көшелердің жүретін қарын күреп. Тап-таза ғып қойса да жолымызды, Ескерусіз еңбегі оның ізгі. Тормозыңнан пайда жоқ көктайғақта, Аршылмаса асфальттың тоңы мұзды. Ең ақыры тайғанап табанымыз, Сындырар ек аяқ пен қолымызды. Жұмысшымен болмаса жұмысымыз, Адамдыққа жата ма бұл ісіміз? Таң атқаннан бүкеңдеп кешке дейін, Тарылмасын деп біздің тынысымыз. Тірнектеуде тынымсыз тіршілігін, Құрметтеуге сіз де оны тырысыңыз!
Комментарии
Другие материалы