Салт-дәстүрлерімізден сыр шертетін дәріс оқылды

54

Адырна - ұлттық-этнографиялық бірлестігі "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылу үстіндегі "Дәстүрлі руxани құндылықтарды қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру" жобасы бойынша дәріс ұйымдастырды.


Қазақ халқының бай төл мәдениеті жөніндегі дәріс Шымкент қаласындағы Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жүзеге асты.
Дәріскерлер ретінде Яссауи атындағы Қазақ-Түрік халықаралық университетінің оқытушысы, PhD доктор, дінтанушы-теолог Бауыржан Ботақараев және осы жолдардың авторы Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының кіші ғылыми қызметкері Арман Әубәкір көне тарих пен салт-дәстүрлеріміз бойынша дәріс оқыды.


Шара соңында ақпараттық-танымдық буклеттер таратылып, жастардың дәрісті қаншалықты түсінгенін анықтау мақсатында шағын сауалнама жүргізілді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер