Тамыры терең тарихымызды ұмытпауға тиіспіз

57

Адырна - ұлттық-этнографиялық бірлестігі "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылу үстіндегі "Дәстүрлі руxани құндылықтарды қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру" жобасы бойынша дәріс ұйымдастырды.


Ұлттық құндылықтарымыз бен тамыры терең тарихымыз жайлы атаулы шара Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетінде жүзеге асты.
Семинар-тренингтің дәріскері ретінде Философия, саясаттану және дінтану институтының аға ғылыми қызметкері, PhD доктор, дінтанушы Дәурен Дариябек дәріс оқыды.


Семинар-тренингте студенттер ұлттық құндылықтар мен діни мәселелерге қатысты көкейлеріндегі көптеген сұрақтарға жауап алды.
Шара соңында ақпараттық-танымдық буклеттер таратылып, жастардың дәрісті қаншалықты түсінгенін анықтау мақсатында шағын сауалнама жүргізілді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер