Серік ЕЛІКБАЙ. Тірес басы...

483

Кез-келген ұлы империя немесе аман қаламын деген жұрт...өзін-өзі тазалаудан басталады!
Бұл өте қиын процесс; Абыл мен Қабыл майданы...
Француз революциясы 1789 жылғы 5 мамырдан басталды,  бұл Генералдық штат мәжілісі еді...
Осындағы сайлау жаңа тынысқа, өзге өріске әкелді.
Жозеф Сийес катехезисін бізге ыңғайласақ...
Қазақ деген кім?
Бәрі.
Бұған дейін кім еді?
Ешкім.
Кім болғысы келеді?
Қатардағы жұрт...
Аталған мәжіліс француз жұртының қырылуы мен айбындануына алып келді!
Ал өткен ғасыр басындағы Думалық дебаттар-ақ патшаның тұқымымен құруына ұласты!
Соңы белгілі!
Біздің билік - осы жолдың алғашқы баспалдақтарын қоюда.
Сенаттан Тоқаев пәрменімен шеттетілген Әйтімова феникстік құдыретпен, спикер орынбасары болып қайтты!
Уатсап бетін шарлаған "қос қыз теке" әлдекімдерді - ығыстыру үшін жасалуда...
"Кітапханашының" ойынша сенатты күшейтіп,  билікті содан жасақтамақ.
Төменгі палата - айдағанға жүреді деп саналуда...
Немесе ол орындар-саудаға шығады!
Тарих "жолдаулармен" жолдас емес.
Келесі депутаттық сайлау жан алыс - жан беріспен өтеді.
Екінші "Қосановқа" орын жоқ...
Ел төзімі-тіс шықырынан білінеді.
Ұлтшылдар мен ұлтсыздар-маңдай тіреді!
Назарбаев пен Тоқаев та...

Пікірлер