Ресей Қырғызстанға С-300 зенит-зымыран кешендерін берді

1136
Adyrna.kz Telegram
Сурет: РИА Новости
Сурет: РИА Новости

Қырғызстан Ресейден С-300 зениттік-зымыран кешендерін алды. Бұл туралы «Известия» газетіне Қырғызстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Иманқұлов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қырғызстан-Ресей арасында біртұтас әуе қорғанысы жүйесі бар. Қазір бізге осы бірлескен жүйенің элементтері — С-300 жеткізілді»,— деді ол.

Әзірге Ресейдің Қырғызстанға қанша кешен жібергені нақтыланбады.

Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі Бішкекте өтетін әскери парадта ұсынылуы мүмкін екенін жеткізді.

Айта кетейік, Қырғызстанға С-300 зенит-зымыран кешендерін жеткізу туралы келісім 2021 жылы ел президенті Садыр Жапаровтың Ресейге жасаған ресми сапары барысында жасалған болатын. 2023 жылдың қарашасында біртұтас өңірлік әуе қорғанысы жүйесін құру туралы келісім күшіне енді.

Пікірлер