Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович бұрынғыға қоса тағы да сырттай 15 жылға сотталды. Үкімді Киев қаласындағы Подольск аудандық соты шығарды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Экс-басшы «Дезертирлікке итермелеу және адамдарды мемлекеттік шекарадан заңсыз өткізу ісін ұйымдастыру» бабы бойынша кінәлі деп танылды. Ал оның бұрынғы күзет басшысы Константин Кобзарь 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, бұл — Януковичке шыққан екінші үкім. Ол 2019 жылы Украинаға қарсы "агрессиялық соғыс жүргізуге көмектескені" және мемлекетке опасыздық жасағаны үшін 13 жылға сотталған еді. Бұл үкім де сырттай шығарылды, себебі бұрынғы президент 2014 жылы елден қашып кеткен болатын.