«Әйел гильзаны алып кетті». Шерзат Полаттың ісі бойынша куәгер сотта жауап берді

1606
Adyrna.kz Telegram
Сурет: orda.kz
Сурет: orda.kz

Талдықорғанда Талғар қаласында 16 жастағы Шерзат Полаттың өлтірілуіне қатысты сот процесі жалғасуда. Бүгін сотта оқиғаның куәгерлері жауап беріп жатыр.

Куәгерлердің бірі – Арлан Қазыкенов – сотта оқиға орнына төбелес аяқталғаннан кейін ғана келгенін айтты. Ол жерде көп адам жиналғанын және жерде жатқан екі ер адамды көрген. Куәгердің айтуынша, олар әлі тірі болған.

«Біз көліктен түскен кезде бір әйел жерден гильзаны алып, көлікке отырды. Қаржаубай жерде жатқан екі адамды көтеріп, көлікке салып, кетіп қалды. Одан кейін біз көршілермен сол төбелес туралы сөйлесіп тұрдық», – деп мәлімдеді Қазыкенов.

Тағы бір куәгер – Елдаш Розыбакиев – адвокаттың нақтылау сұрағына әлгі әйелді тани алатынын, бірақ оның атын білмейтінін атап өтті. Куәгердің айтуынша, ол қазіргі уақытта сот залында жоқ.

Бүгін кезекті сот отырысына Шерзат Полаттың ата-анасы келмеді. Бұл судьяның рұқсатымен болды. Олардың орнына Досаев пен Әжіғалиевтің адвокаттары қатысып отыр.

Пікірлер