Путин Жеңістің 80 жылдығына орай атыс тоқтатылатынын айтты

1136
Adyrna.kz Telegram
Сурет: ТАСС
Сурет: ТАСС

Ресей президенті Владимир Путин Жеңістің 80 жылдығына орай атысты тоқтату туралы шешім шығарды. Бұл туралы бүгін, 28 сәуірде Кремль айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Шешім «гуманитарлық себептерге байланысты» қабылданған.

«Владимир Путиннің шешімімен 7-8 мамыр түнгі сағат 22:00-ден, 10-11 мамыр түн ортасына дейін атысты тоқтату туралы қаулы шығарылды. Осы кезеңде барлық әскери операция тоқтайды»,—делінген хабарламада.

Ресей Украинаны да осы ұстанымды қолдауға шақырды.

«Украина жағы атысты тоқтату режимін бұзса, тиісті жауап беріледі»,—деп толықтырды Кремль.

Пікірлер