Шерзат Полаттың ата-анасы сот отырысына келмеді

1393
Adyrna.kz Telegram

Талдықорғанда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысына марқұмның туыстары келмеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Судьяның рұқсатымен жәбірленушілер сот отырысына келмеді», – деді судьяның хатшысы.

Айта кетейік, ашық сот отырысы Жоғарғы соттың YouTube каналынан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.

Пікірлер