27 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жыл сайын су тасқынына ұшырайтын Заречный кентін қайықпен аралады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Су тұрғын үйлерге кірмеген.
«Оқиға орнында қалалық әкімдік, құтқарушылар мен полиция қызмет атқаруда, тәулік бойы кезекшілік бар, қорғаныс бөгеттері нығайтылған. Барлығы 200 адам жұмылдырылды. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолдау көрсету бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда»,—делінген хабарламада.
View this post on Instagram
<