Пойыз тракторды қағып, тракторшы қаза тапты

947
Adyrna.kz Telegram
Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz

Есіл – Арқалық учаскесінің теміржол өткелінде трактор пойызбен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«2025 жылғы 27 сәуірде сағат 08:55-те Есіл – Арқалық учаскесіндегі реттелетін теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасы орын алды. Өтпелі сигнализацияның дұрыс жұмыс істеп тұрғанына қарамастан, трактор жүргізушісі жол жүру ережесін өрескел бұзып, келе жатқан пойыздың алдына шығып кеткен. Машинист шұғыл тежеу қолданғанымен, соқтығыспау мүмкін болмаған. Оқиға салдарынан трактор жүргізушісі алған ауыр жарақатынан қайтыс болды», – делінген жексенбі күні таратылған хабарламада.

«Қазақстан темір жолы» компаниясы автокөлік жүргізушілеріне теміржол өткелдерінен өткен кезде жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, өткелдегі сигнализация белгілеріне мұқият назар аударуға және ережелерді елемеудің ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ұмытпауға шақырды.

Пікірлер