Ирандағы жарылыс құрбаны 40 адамға жетті, жараланғандар 1200-ден асты

933
Adyrna.kz Telegram

Иранның оңтүстігінде, Парсы шығанағы жағалауындағы Бендер-Аббас портындағы жойқын жарылыстан қаза тапқандар саны 40 адамға жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы The New York Times басылымына сілтеме жасап. 

Бендер-Аббас қаласында халықтың денсаулығына төнген елеулі қауіпке байланысты төтенше жағдай жарияланды. Билік 20 шақырым радиуста зиянды заттардың таралуынан қауіптенуде.

Түні бойы Шахид Раджаи портында контейнерлердің бірінде сақталған химикаттардың өртенуінен шыққан өртті сөндіруге әрекет жасалды. Басылымның жазуынша, контейнерде зымырандарға арналған қатты отынның негізгі құрамдас бөлігі саналатын натрий перхлоратын жарылған.

Оқиға АҚШ пен Иран арасындағы ядролық бағдарлама бойынша үшінші келіссөздер кезеңінің өтіп жатқан күні болды. Жергілікті билік бұл оқиғаны диверсия немесе әдейі жасалған шабуыл деп санамайды.

Алғашында портта жанармай қоймасы жарылды деген болжам айтылған еді. Алайда Иранның Ұлттық мұнай өңдеу және тарату компаниясы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Иран Ішкі істер министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, жарылыс салдарынан 40 адам қаза тауып, 1200-ден астам адам жарақат алған.

Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар-жоғы әзірге хабарланған жоқ.

Қазіргі таңда қайғылы оқиға бойынша тергеу басталды. Иран үкіметі Шахид Раджаи портында болған жарылыстан қаза тапқандарға байланысты 28 сәуір, дүйсенбі күнін жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Пікірлер