Қырымның мәселесі Ұрұмда талқыланды ма? Трамп пен Зеленский Ватиканда кездесті

4803
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/photo-output-33-960x500.jpeg?token=e8c11fb8a3b81d01106b3ce5d56a7633

Бүгін, 26 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский Ватиканда Папа Францискті жерлеу алдындағы аза тұту рәсімі алдында кездесті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, екі ел басшысы арасындағы әңгіме ұзаққа созылмаған. Алайда тараптар жерлеу рәсімінен кейін қосымша келіссөз жүргізуге келіскен.

Ақ үйдің коммуникациялар жөніндегі директоры Стивен Чунг кездесудің өткенін растады.

«Әңгіме өте жемісті болды. Кездесу туралы толық ақпарат кейінірек жарияланады»,—деді ол.

Комментарии