Таиландта ұшақ апатқа ұшырап, алты адам қаза тапты

1249
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/e2e3f4a9-45bd-4420-953a-859b0d73ce49-960x500.png?token=9d3b2825dca501b21d71be8a06d6032e

Таиландта ұлттық полиция авиаотрядына тиесілі ұшақ апатқа ұшырады. Әуе кемесі Ча-Ам қаласының жағалауынан шамамен 100 метр қашықтықта теңізге құлады. Thai PBS мәліметінше, қайғылы оқиға салдарынан бортта болған алты адамның барлығы қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Апатқа ұшыраған ұшақ — DHC6-400 Twin Otter үлгісіндегі әуе кемесі. Полиция бұл ұшақты жедел мақсаттарда, жүк пен қызметкерлерді тасымалдау үшін пайдаланған. Апат болған күні бортта жаттығу алдында парашютпен секіруге

дайындалып жатқан полицейлер болған.

Оқиға орнына келген құтқарушылар іздестіру жұмыстарын бастады. Алдымен бес полицейдің мәйіті табылды. Тағы бір жолаушы ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді, алайда ол көз жұмды. Осылайша, апаттан қаза тапқандар саны алты адамға жетті.

Полиция өкілі, генерал-лейтенант Арчайон Крайтонгтың айтуынша, апаттың нақты себебі әзірге белгісіз. Таиланд құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізіп жатыр.

Комментарии