Белгілі жазушы Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» повесінің желісі бойынша фильм түсіріледі. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қазіргі таңда «Тазының өлімі» хикаяты негізінде көркем фильм түсіру мәселесі бойынша сценарийлерді іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатыр»,— деді ол Сенат депутатының сауалына жолдаған жауапта. Бірақ депутатттың кім екендігі айтылмайды.
Сондай-ақ Үкімет басшысы елімізде тазы мен төбет күні пайда болуы мүмкін екенін атап өтті. Айтуынша, бұл мәселе күн тәртібінде тұр.
Еске салайық, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауин 2025 жылдың 10 қаңтарында 85 жасқа қараған шағында қайтыс болған еді.