Нығматулиннің ұлы рейдерлік іс бойынша тергелуде

1035
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/nurlanov-960x500.jpg?token=eccfe3710e11e693e1aa6456067672b3
Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ұлы – Нұржан Нұрлановқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  «Алматы қаласы бойынша ЭТД рейдерлік фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын растаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды», – деп мәлімдеді Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан. Еске салайық, бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Нұрлан Нығматулиннің ұлы мен інісіне – Нұржан Нұрланов пен Ерлан Нығматулинге қатысты арыздар түскенін хабарлаған болатын.
Комментарии