Алматы қаласындағы «Алтын Бұлақ» тұрғын үй кешенінде қайғылы оқиға орын алды. Алмалы ауданы аумағында орналасқан көпқабатты үйдің терезесінен кәмелетке толмаған қыз бала секіріп кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Facebook желісінде қайғылы оқиғаның орын алғаны туралы ақпарат тараған.
Аудандық ПД мәліметінше, оқиға салдарынан жасөспірім қыз бірден қайтыс болған.
Қазір аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасына қарасты бөлімде қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда.