Оңтүстік Кореяда жазда президент сайлауы өтеді

1107
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/img_8024-960x500.jpeg?token=04883f3f29ce3ffff79b3c4d17626275

Оңтүстік Кореядағы мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауы 2025 жылдың 3 маусымына жоспарланып отыр. Бұл туралы Yonhap агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Басылымның мәліметінше, үкімет президент кандидатын осы аптада ұсынады.

«Президент міндетін атқарушы Хан Док Су президент кандидатын сейсенбіге жоспарланған Министрлер кабинетінің отырысында бекітуді жоспарлап отыр»,—делінген хабарламада.

Еске салайық, 4 сәуірде Юн Сок Ел мемлекет басшысы қызметінен біржола шеттетілген еді.

Комментарии